Главная » Статьи » Нормативная база

«Бастау» желілік қауымдастық

«Бастау» желілік қауымдастық

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі,  әлемдік  деңгейде өзіндік орнын алуы үшін, мектеп мұғалімдерінің шәкірт тәрбиелеу мен оқытудағы оңды нәтижесіне арқа сүйейді. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласы стратегиялық мақсатын басшылыққа ала отырып, мектептерде ұлттық білім жүйесінің дамуына жаңа мүмкіндік берудің жолдары қарастырылуда.  Соның айғағы ретінде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші (ілгері) деңгейін  ерекшелеп айтуға болады. «Бағдарламаның негізгі факторының бірі  желілік қауымдастық» делінген,  олай болса, бірінші деңгейдегі курстан өткен мұғалімдерге үлкен талаптар қойылуда.

Семей қаласындағы педагогикалық шеберлік  орталығында І (ілгері) деңгей курсынан өтіп жатқан мұғалімдер, «Бастау» желілік қауымдастығын құрып, алғашқы желілік қауымдастықта «Нәтиже – табыстың кілті» тақырыбында бетпе-бет кезеңнен алған білімдерін практикада қолдану барысында атқарған жұмыстарымен бөлісті. «Оқу инемен құдық қазғандай» деген халық мақалының мағынасын өз бастарынан толық өткізіп, І деңгей бағдарламасының практикасы барысындағы өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары туралы пікір алмасты. «Нәтиже» мәтінімен жұмыс жасай отырып, «Табыс» тақырыбында постер жасап, топ мүшелері №34 мектептің мұғалімі Р.Аққожина мен Т.Аманов атындағы орта мектептің мұғалімі С.Сағатбекова қорғады. Мұғалімдер желілік қоғамдастық арқылы білімдерді қалыптастыру қабілеттілігіне қалай ие бола алатындығына №8 мектептің мұғалімі Г.Төлеубаева мен №16 орта мектептің мұғалімі Г.Нығметжанова тоқталды. «Желілік қоғамдастық арқылы кәсіби білім қалыптастыратын мұғалімдер» олай болса желілік қауымдастықтың қанатын кеңге жаюы үшін №30 мектептің мұғалімі С.Қайырбаева сайт ашу туралы ұсыныс айтып, оның желілік қауымдастыққа тигізер пайдасы туралы өз пікірін білдірді.  Интернет — компьютерлiк желiлердің iшiнде жаппай қолданы­латыны,  кең мүмкiндiкті біз де пайдаланайық, себебі интернет желілерін пайдаланушыларының саны ай сайын шамамен 1 млн-ға өсiп отыр. Олай болса өз тәжірибемізбен бөлісудің бірден-бір жолы –осы сайт. Желілік қауымдастықтың қанат жаюына мүмкіндік береді.

Тоғжігітов атындағы мектептің мұғалімі Е.Тәти «өзімнің педагогикалық тәжірибемдегі іс-әрекетіме сын көзбен қарай отырып, практика кезінде тәлім алушылардың сабақ беру әдістеріне ерекше назар аударып қарадым. Курстың басты ұстанымы – ғұлама Конфуцийдің «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң –үйренемін»  қағидасы. Олай болса оқудан алған білімімді өз орнымен пайдаланғандаймын» деп бүгінгі кездесу қауымдастықтың алғашқы баспалдағы, келешекке жоспарланған іс-шаралар оңды нәтижесін береді деп қорытындылады.

Қоғамдастықтың жетекшісі Т.Аманов атындағы орта мектептің мұғалімі Г.А.Құнафина қауымдастықты кеңейту және жұмысына қызығушылық танытатындарды тарту мақсатында өз жұмысын көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыс түрлерін ұйымдастыру туралы жоспарға ұсыныстар енгізді.  «Жақсы білім іздеуге жалықпалық, Білгенді –білмегенді анықталық» айдарымен құрылған «Бастау» желілік қауымдастығының келешегінен үлкен үміт күтеміз және  талай шешілмей жүрген мәселелерді қозғап, сенімді ынтымақтастықта жұмыс жасайтынына сенеміз және қолдау көрсетеміз.

Г.Ж.Торсықбаева

Т.Аманов атындағы №16 орта мектептің педагог-психологі,

ІІ (негізгі) деңгей мұғалімі

 

 

Категория: Нормативная база | Добавил: dosya (10.11.2013)
Просмотров: 4985 | Комментарии: 1 | Теги: «Бастау» желілік қауымдастық | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 1
1 Гульмай Оналхан  
0
іске сәт! ынтымақтаса жұмыс істейік демекпін.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Cайт мәзірі
Категории раздела
Тег бұлты
Чат
200
Статистика